12.12.2020, 23:27
Жаңалықтар
13 желтоқсанда елордада автобустар жүрмейді
Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі
Фото: баспасөз қызметінен
Жексенбі күні, 13 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктің жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. Дүйсенбі, 14 желтоқсаннан бастап бағдарлар кестесіне сәйкес қалыпты қатынайды.
«Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауды және автобустарға бетпердесіз кірмеуді сұраймыз. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», – делінген CTS компаниясының хабарламасында.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды