Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Республикамыздың басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Республикамыздың басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда қар жауады.

Сонымен қатар Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.

Ал Солтүстік Қазақстанда көктайғақ сақталады.

Сондай-ақ еліміздің батысында, орталық пен солтүстік аймақтарда тұман мен бұрқасын болуы мүмкін.