Қазақстанға тағы 314 жолаушы ПТР-анықтамасыз ұшып келген

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте елімізге халықаралық әуе рейстерімен 2 039 жолаушы келді

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, Түркия, БАӘ, Ауғанстан, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсімен 2 039 жолаушы келді. Оның ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 725 адам, анықтамасыз 314 адам – ҚР азаматтары келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 629 жолаушы, анықтамамен - 576; анықтамасыз - 53;

Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 409 жолаушы, анықтамамен - 1 148, анықтамасыз - 261;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.