COVID-19-дан емделіп шыққандар саны 124 729 адамға жетті
Қазақстанда өткен тәулікте тағы 673 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласында - 75,
Алматы қаласында - 44,
Ақмола облысында - 65,
Ақтөбе облысында - 29,
Атырау облысында - 4,
Шығыс Қазақстан облысында - 119,
Жамбыл облысында - 16,
Батыс Қазақстан облысында - 13,
Қарағанды облысында - 3,
Қостанай облысында - 245,
Қызылорда облысында - 3,
Маңғыстау облысында - 1,
Павлодар облысында - 32,
Солтүстік Қазақстан облысында - 24.
Елімізде барлығы 124 729 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.