12 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман болады

Фото: ашық дереккөзден

12 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігі, шығысы және орталығында қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысында, күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.