Павлодарда балықшылар қауіпсіздік ережелерін елемейді

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінде Ертіс өзеніндегі мұздың қалыңдығы 20 сантиметрден аспайды

Ертіс өңірінің балықшылары қарапайым қауіпсіздік ережелерді елемейді. Бұл құтқарушыларды мезі қылған мәселелердің бірі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінде Ертіс өзеніндегі мұздың қалыңдығы 20 сантиметрден аспайды. Бұл балық аулауға жеткілікті. Десе де, қауіпсіздік ережелерін сақтау жауапкершілігі әр азаматқа жүктеледі. Әр балықшының қолында қауіпсіздік құралдары болуы шарт. 

«Акцияның мақсаты - Павлодар облысының әр тұрғынына мұздағы жүріс-тұрыс, қарапайым ережелерді жеткізу. Статистикаға келетін болсақ, су айдындарында қысқы-күзгі уақытта көбінесе балықшылар және қараусыз қалған балалар, сондай-ақ құтқарушылардың кеңестерін елемей, қатпаған, борпылдақ және әлсіз мұзға шығатындар», - дейді облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы.

ТЖБ өкілдері Ауа райы қолайсыз болғанда мұзға шығуға тыйым салынады.