АШМ-де бірінші вице-министр болған Руслан Әзімов дүниеден озды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ны басқарған

Руслан Азимов, фото: instagram.com/kazakh.cinema/

Қайғылы хабарды Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі жеткізді. 69 жасында дүниеден озған Руслан Әзімов – режиссер, продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сергей Азимовтың үлкен ағасы.

«Марқұмның бауыры Сергей Жұмабайұлы Азимовқа және барлық туған-туыстарына Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұжымының атынан қайғырып, көңіл айтамыз», - делінген хабарламада.

Руслан Жұмабайұлы – Алматы ауыл шаруашылығы институтының түлегі, Вильямс атындағы Мәскеу ғылыми-зерттеу институтының аспиранты, ғылым кандидаты.

Руслан Әзімов республикада алғашқы болып «Агро» мемлекеттік-кооперативтік бірлестігін құрды, өзі құрған халықаралық агроөнеркәсіптік биржаның президенті болды. ҚР Мемлекеттік сатып алу агенттігін және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ны басқарды. Бейіндік министрлікте жұмыс істеп, Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші вице-министрі лауазымына дейін көтерілген.⠀