80 қазақстандық ПТР-анықтамасыз келді
8 желтоқсанда Қазақстан аумағына Венгрия, Түркия, БАӘ, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан 11 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлайды.
964 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 884 адам, анықтамасыз 80 адам – ҚР азаматтары келді. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан әуежайына – 5 рейс (340 жолаушы, анықтамамен - 320, анықтамасыз – 20);
Алматы әуежайына – 4 рейс (480 жолаушы, анықтамамен - 426, анықтамасыз – 54);
Ақтау әуежайына – 1 рейс (138 жолаушы, анықтамамен - 132, анықтамасыз – 6);
Атырау әуежайына – 1 рейс (барлық 6 жолаушы анықтамамен келді).
Анықтамасыз келген қазақстандық азаматтар келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтті. ПТР-талдау нәтижелері бойынша Минскіден ұшып келген жолаушыдан (Қазақстан азаматы) коронавирус инфекциясы анықталды.