Қазақстан құрамасы Франция, Босния және Герцеговина ұлтттық құрамаларымен алғаш рет жолыққалы отыр
7 желтоқсанда Цюрихте 2022 жылы Катар елінде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) іріктеу кезеңіндегі командаларды бес себетке бөлді. Рейтингте 122 орында тұрған Қазақстан құрамасы бесінші себетке түсті.
Жеребе қорытындысы бойынша, Қазақстан ұлттық құрамасы Франция (әлем чемпионы), Украина, Финляндия, және Босниямен бір топқа түсті.
Іріктеу турнирі 2021 жылдың 24-ші наурызында басталып, 16-шы қазанда аяқталады. Он топтың жеңімпаздары әлем біріншілігіне тікелей жолдама алады.
Төменде жеребе нәтижесімен таныса аласыздар:
Қазақстан құрамасы Франция, Босния және Герцеговина ұлтттық құрамаларымен алғаш рет жолыққалы отыр. Ал, Украина құрамасымен 4 рет (4 жеңіліс), Финляндиямен 2 рет (2 жеңіліс) кездескен.