36 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Қазіргі уақытта елімізде коронавирус инфекциясынан 14 210 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олардың арасында 1 001 бала бар. Стационарларда 3 803 науқас жатыр, 10 427 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 246 адамның халі нашар. Соның ішінде 31 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 36 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.