Ал BRT құрылысы қоғамдық талқылаудан кейін іске асырылады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-да өткен брифинг барысында жүрдек автобустар желісі (BRT) мен жүрдек трамвай (LRT) желісін салу жайында айтты.
Әкімнің айтуынша, BRT желісі Тимирязев пен Желтоқсан көшесінен ары қарай Төле би, Шығыс айналма жолына дейін созылады. Қазір бұл мәселе қоғамдық талқылауға шығарылды. Жобаны іске қоспас бұрын жергілікті тұрғындардың пікірі ескеріледі.
Ал LRT желісі алаңын дайындау жұмысы әлі аяқталмамаған.
«Қазір қаражат мәселесін қарастырып жатырмыз. Атап айтқанда, шетелдік қаржы ұйымдарымен байланысып жатырмыз. Қалалық бюджетке барынша тиімді жақтары қарастырылуда. Әлбетте несие доллар валютасымен болса, бюджетке күш түсетіні анық», - деді әкім.