Автобус Атыраудан Шымкентке адам тасыған
Атырау полицейлері «плацкарт» автобусты анықтады. Онда орындықтардың орнына екіқабатты төсек орнатылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ATPress.kz-ке сілтеме жасап.
«Жүргізушілер автобусты дөңгелегі бар қонақүйге айналдырып алған. Салонда жолаушылар орындығының орнына 28 төсек қойылған. Автобуста 17 жолаушы болды», - деп жазылған хабарламада.
Автобус Шымкент қаласына бара жатқан.