Кеңсе үш қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған
Түркістан облысының өрт сөндірушілері Кентау қаласындағы Қазпошта бөлімшесінде шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«5 желтоқсанда Кентау қаласында үш қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған «Қазпошта» АҚ кеңсесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде, қоймада қағаз жанып жатқаны анықталды. Өрт 30 шаршы метр жерді шарпыды», - деп жазылған хабарламада.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр.