Қазақстанға ұшып келген 348 азаматта ПТР-тест анықтамасы болмаған

Автор: Azattyq Rýhy

5 желтоқсанда Қазақстанға 13 халықаралық әуе рейсі келді

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеге шетелден ұшып келген әуежолаушыларының 50%-дан астамында анықтама болмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

«5 желтоқсанда Қазақстанға Германия, Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді. 1 701 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 353, анықтамасыз 348 ҚР азаматтары келді», - деп жазылған хабарламада.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 348 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті.