COVID-19: 37 науқас аса ауыр халде жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 6 желтоқсанға арналған коронавируспен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 014 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 010 бала бар. Стационарларда 3 575 науқас жатыр. 10 439 адам амбулаториялық жағдайда емделуде», - деп жазылған хабарламада.

Жалпы науқастардың арасында 230 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 37 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.