Өткен тәулікте 4 адам көз жұмды
5 желтоқсан күні Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 190-нан астам адамнан анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 193 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 104 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 43073, 454 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30956 жетті», - делінген ақпаратта.