Шетелден келген 203 жолаушыда ПТР-тест анықтамасы болмаған

Автор: Azattyq Rýhy

4 желтоқсан күні Қазақстанға 16 халықаралық әуе рейсі келді

Фото: ашық дереккөзден

4 желтоқсанда Қазақстанға Венгрия, Литва, Пәкістан, Мысыр, БАӘ, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 16 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«1 898 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 695 адам, анықтамасыз 203 адам келді. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді», - деп жазылған хабарламада.

Барлық 203 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті.