31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
5 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясынан 979 бала ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 14 008 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 979 бала бар. Стационарларда 3 630 науқас жатыр. 10 378 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы, науқастардың арасында 221 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 41 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ақпаратта.