Осы күнге дейін 43 мыңға жуық адам пневмонияға шалдықты
4 желтоқсан күні Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 200 адамнан анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
«Өткен бір тәулікте коронавирустық пневмонияның 200 жағдайы тіркелді. 60 науқас емделіп шықты, 2-еуі қайтыс болды. 1 тамыз – 4 желтоқсан аралығында барлығы 42 880 адам коронавирустық пневмонияға шалдықты. 450 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30852 жетті», - деп жазылған ақпаратта.