3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Бейсенбі күні республикамыздың кей өңірінде қар жауады

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер бейсенбі, яғни 3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың әсерінен республикамыздың кей аумағында қар жауады. Оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Сондай-ақ бірқатар өңірде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді.

Атап айтқанда, Жамбыл, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын көтеріледі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны - 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.