Павлодарда балалар үйінен кәмелетке толмаған екі қыз жоғалып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Олар 1 желтоқсан күні таңғы сағат 08:00 шамасында шығып кеткен

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«1 желтоқсан күні сағат 22:57 шамасында кезекші бөліміне отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан өз еркімен кеткені туралы хабарлама түсті. 2004 жылы туған, кәмелетке толмаған Юлия Попова мен 2005 жылы туған Анастасия Семина аумақтан сағат 08:00 шамасында шығып кеткен», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінде.

Жақын маңдағы аулалар мен үйлер, вокзал аудандары, жастар көп жиналатын орындар, сондай-ақ қыздардың қарым-қатынас шеңбері тексерілді.

Полиция өкілдері кәмелетке толмағандардың орналасқан жері туралы ақпарат естіген-білген жандардан «102» нөміріне хабарлауды сұрады.