Бұл облыстарда қатты жел соғады
Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
30 қарашада Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Атырау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.