Коронавирус белгілері бар пневмониядан барлығы 443 адам қайтыс болды
29 қарашада тіркелген коронавирус белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 164 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ 72 адам қауіпті вирустан емделіп шықты.
Жалпы, 1 тамыздан бергі статистикаға жүгінсек: COVID-19 инфекциясымен ауырғандар саны – 42 104. Барлығы 443 өлім жағдайы тіркелді. Ал жазылып шыққандардың саны 30 494 жетті.