Елімізде барлығы 116 187 адам COVID-19-дан емделіп шықты
Қазақстанда 143 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша атап айтқанда:
Алматы облысында - 7,
Атырау облысында - 3,
Батыс Қазақстан облысында - 17,
Қарағанды облысында - 14,
Қостанай облысында - 4,
Павлодар облысында - 60,
Солтүстік Қазақстан облысында - 38.
Елімізде барлығы 116 187 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.