1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмониядан 440 адам қайтыс болды
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен 184 адам ауырды және 1 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Сондай-ақ еліміз бойынша 60 адам пневмониядан емделіп шықты.
Жалпы, Қазақстан бойынша 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандар саны 41 940 адамға жетті, 440 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны – 30 422.