Ақтөбеде үш күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірім құрбысының үйінен табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жыл басынан бері Ақтөбе полициясына 45 адамның жоғалғаны туралы арыз түскен

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде үш күн хабарсыз кеткен 14 жастағы қыз құрбысының үйінен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Учаскелік полиция инспекторлары арыз түскеннен кейін екі сағаттан соң жоғалған қызды тапты. Ол үш күн бойы Сазды ауылындағы құрбысының үйінде болған», - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, жыл басынан бері Ақтөбе полициясына 45 адамның жоғалғаны туралы арыз түсіп, олардың барлығы табылған.