Бұл облыстарда көктайғақ пен тұман болады
26 қараша күні төрт облыста ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде сондай-ақ тұман болжанады.