Әблязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды

Автор: Azattyq Rýhy

Экс-банкирдің өзі Қазақстанда сырттай сотталған

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп, «БТА Банкі» АҚ-ның Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Қазіргі уақытта қылмыстық топ келтірген залалдың 6,3 млрд теңгесі қосымша өтелді деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Бұл – Мәскеу қаласындағы ірі бизнес-орталығының құрылысына салынған және Әблязовтің бақылауындағы оффшорлық компанияға қайтарымсыз несие беру арқылы жымқырылған БТА банкінің қаражаты.

Қазақстанға сот төрелігінен жасырынып жүрген тұлғаларды экстрадициялау және өз еркімен қайтару, басқа қылмыстық эпизодтар аясында келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыстар жалғасуда.