Елорда тұрғыны «Артем» сауда үйіне «мина қойған»

Автор: Azattyq Rýhy

Күдіктінің үстінен 273-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтанның 21 жастағы тұрғыны «Астаналық базар» сауда үйін «мина қойған», деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«25 қараша күні сағат 09:21-де Нұр-Сұлтан ПД жедел басқару орталығының «102» пультіне «Астаналық базар» («Артем») СҮ бомба қойылғаны туралы қоңырау түсті. Тексеру барысында жарылғыш зат табылған жоқ», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары күдіктіні – 21 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қылмыстық іс «терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» деген 273-бап бойынша тергеліп жатыр.