203 науқас ауыр жағдайда жатыр
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 232 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 672 бала бар. Стационарларда 3 200 науқас жатыр. 8 032 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 203 адамның халі нашар. Соның ішінде 28 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.