«Қызыл аймақтағы» жұрт дәл Полиция басқармасының алдында орналасқан дәмханада той жасаған
Қазір ШҚО коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша «қызыл аймақта» тұрғанына қарамастан, Семей тұрғыны дәл Полиция басқармасының алдында орналасқан дәмханада той жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Сондай-ақ демалыс күндері жұмыс істеп тұрған монша мен алтын сататын дүкен жұмысы да анықталып, тиісті хаттама толтырылды. Қаулыға сәйкес бұл мекемелер де сенбі-жексенбіде жұмыстарын тоқтатуы тиіс еді.
«Қазіргі таңда осы фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік материал жинақталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін СЭС-ке, тауарлар сапасын қадағалайтын басқармаға жолданды. Процессуалдық шешімді сол кісілер қолданып, осы азаматтардың барлығына айыппұл салынады», - қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі жетекшісі Елубек Оспанов.