Көрші елде жаңа вакцина ойлап табылды
Қытайда бір миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы егілді. Көрші ел мамандары қолданған вакцинаны CNBG компаниясы жасап шығарған. Оны ҚХР бойынша шұғыл қолдануға рұқсат етілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ғалымдар вакцина құрамына енетін екі препарат ойлап тапты. Айта кетерлігі, 50 мыңнан астам ерікті егілді. Мамандардың айтуынша, алдын ала нәтижелер вакцинаның қауіпсіздігін көрсеткен.
«Мен вакцинация жөнінде өте оптимистік пікірдемін. CNBG препараттары қазір шетелде клиникалық сынақтардан өтуде. Біз препаратты енгізгендер арасында қажетті зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Менің ойымша, аралық нәтижелер жақын арада белгілі болады», - деді профессор Ван Гуйцян.