15.09.2019, 12:11
Жаңалықтар
Байбек Алматының құрметті азаматы атанды
Айтулы награданы мегаполис басшысы Бақытжан Сағынтаев табыстады
zakon.kz
«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматының құрметті азаматы болды.
⠀
Ірі мегаполистің бұрынғы әкіміне айтулы награданы Қала күнін тойлау салтанатында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев табыс етті.
⠀
Биыл Алматының құрметті азаматы атанғандардың арасында жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов, театр және кино актері Юрий Померанцев, ақын әрі жазушы Олжас Сүлейменов сынды әдебиет пен мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ медицина саласына еңбек сіңірген тұлғалар бар. Бұдан бөлек, қоғам дамуына сүбелі үлес қосқан белгілі тұлғалар, ЖОО ректорлары, қоғам қайраткерлері «Еңбек үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды