23 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
Қазіргі уақытта коронавирустан 10 838 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Олардың арасында 511 бала бар. Стационарларда 3 127 науқас жатыр. 7 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 224 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 24 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген таратылған ақпаратта.