СҚО-да 23 қарашадан бастап жаңа шектеулер енгізіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір өңірде коронавирус жұқтырған 22 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында 23 қарашадан бастап жаңа шектеулер енгізіледі. Соңғы аптада аймақта төрт жүзден астам адам коронавируспен ауырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Қазір 22 тұрғын жансақтау бөлімінде, 10 науқас ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өңірде азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты мен тауарларды жеткізу режимі өзгеретін жаңа қаулы шығарылды. 

«Азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты 20:00-ден 22:00-ге дейін ұзартылды. Екіншісі - тамақ өнімдерін, сондай-ақ тауарларды тұтынушыға жеткізу уақыты таңғы сағат 8-ден 20:00-ге дейін шектелген, бұл қоғамдық тамақтану объектілеріне де қатысты. Үшіншісі - сауналардың, соның ішінде қонақүйлердегі жұмыс тоқтатылды. Төртіншісі - спорт және тренажер залдарына адамдардың баруы 50-ден 30 пайызға дейін азайды», - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Арман Кушбасов.