Ол денсаулығына байланысты қазан айында қызметінен кеткен
19 қараша «Время» басылымы ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдолдановтың қамауға алынғаны жайлы ақпарат жариялады. Басылымның жазуынша, шенеунік жарты млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған.
Осы жағдайға қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Жанжігіт Омархан пікір білдіріп, қамауға алынды деген Тұрсын Қабдолдановтың қазіргі уақытта ҚР АШМ қызметкері емес екенін айтты.
«Бүгін БАҚ-та Экономикалық тергеу қызметі ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдолдановтың қамауға алынғаны туралы қате ақпарат жарияланды. Тұрсын Қабдолдановтың Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінде қызмет атқармайды», - деп жазды ол.
Ведомствоның хабарлауынша, ол денсаулығына байланысты 2020 жылдың қазан айында өз еркімен жұмыстан кеткен.
«Сонымен қатар, журналистер жазып отырған отандық ірі қара малға диагноз қою туралы бұйрық 2017 жылы қабылданып, сол кездегі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен келісілген. Бұл сұрақтармен құқық қорғау органдары айналысатын болады», - деді Жанжігіт Омархан.