Коронавирустан емделіп жатқан 220 адамның халі нашар

Автор: Azattyq Rýhy

21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирустан емделіп жатқан 220 адамның халі нашар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 435 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 481 бала бар. Стационарларда 3 088 науқас жатыр.  7 347 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы, науқастардың арасында 220 адамның халі нашар. Соның ішінде 26 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені  жасанды желдету аппаратында жатыр.