ШҚО мектептерінде оқушылар үшін сабақ тоқтатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Сабақтар ауа райына байланысты болмайды

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше ауылындағы мектептерде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Риддерде ауа температурасы -26 градусты көрсетіп тұр, желдің жылдамдығы секундына 5 метрге жеткен. Бутаково, Поперечный ауылдарында 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. 

Бородулиха ауданында ауа температурасы минус 28-30 градусқа дейін төмендеген. 2 Пятилетка, Песчанка, Жерновка, Букутово ауылдарында бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.