Қазақстанда 10 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың арасында 464 бала бар 

Фото: ашық дереккөзден

Қазақсанда қазіргі уақытта коронавирустан 9 961 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігнің Telegram каналына сілтеме жасап.

Осы уақытта стационарларда 2 992 науқас жатыр, олардың арасында 464 бала бар. 6 969 адам амбулаториялық жағдайда ем алуда. 

Жалпы, науқастардың арасында 228 адамның халі нашар. Соның ішінде 22 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.