Коронавирустан емделіп жатқан 227 адамның халі нашар

Автор: Azattyq Rýhy

22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде коронавирустан емделіп жатқан 227 адамның халі нашар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9541 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 468 бала бар. Стационарларда 2991 науқас жатыр. 6550 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы, науқастардың арасында 227 адамның халі нашар. Соның ішінде 24 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.