Өткен тәулікте 268 адамның пневмониямен ауырғаны анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

1 тамыздан бері 40 мыңнан астам адам коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауырған  

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 268 жағдайы тіркелді. Оған қоса 85 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1 тамыздан бері барлығы: ауырғандар - 40488, 421 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 29719-ға жетті.