23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 9 162 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 458 бала бар. Стационарларда 3 041 науқас жатыр. 6 121 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалпы, науқастардың арасында 217 адамның халі нашар. Соның ішінде 22 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.