Енді Алматыға жасалатын рейс таңғы уақытқа жоспарланып отыр
Атыраудан Алматыға бағыт алған Boeing-737 ұшағы қайта оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атырау – Алматы» рейсін орындау барысында кондиционерлеу жүйесінің индикациясы іске қосылды. Әуе кемесінің командирі ұшып шығу портына қайта оралу туралы шешім қабылдады. Қону штаттық режимде орындалды. Енді Алматыға жасалатын рейс таңғы уақытқа жоспарланып отыр», - деп жазылған хабарламада.