Қазақстандық зілтемірші әлем кубогінде үздік төрттікке енді

Автор: Azattyq Rýhy

Жарыста Қазақстан атынан ауыр атлет Мейрамбек Әбдіхалық өнер көрсетті

Фото: ашық дереккөзден

Перудің Лима қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы онлайн әлем кубогі жалғасуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жарыстың үшінші күнінде 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар сынға түсті. Бұл сында Қазақстан атынан Мейрамбек Әбдіхалық өнер көрсеткен. 

«Турнир қорытындысы бойынша Мейрамбек төртінші орынға табан тіреді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 275 (123+152) келіні бағындырған», - делінген хабарламада. 

Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржынында жалғыз алтын бар. Бірінші жарыс күнінде Абылай Әуелханов топ жарған болатын.