Ақтөбе облысында интимдік қызмет көрсеткен SPA-салон анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тексеру кезінде интимдік қызмет көрсеткен екі қыз анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облыстық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Стоп-Трафик» жедел алдын алу шарасын өткізді. Олар интимдік қызмет көрсететін қыздарды ұсынған SPA-салонды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Клиенттерге интимдік қызмет көрсету үшін қыздарды ұсынған SPA-салонның әкімшісі ұсталды. Ол - Ақтөбе қаласының тұрғыны. Тексеру кезінде интимдік қызмет көрсеткен екі қыз анықталды», - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекстің «Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.