2020 жылғы 14 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат
Қазақстан бойынша өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 199 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Сонымен қатар, бір тәулік ішінде 69 адам жазылып шыққан.
«1 тамыздан бастап ауырғандар саны 39 923 адам болса, 416 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29485 жетті», - делінген хабарламада.