$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.11.2020, 01:36
Жаңалықтар

2021 жылы тұрғын үй құрылысы саласында бірыңғай оператор пайда болады

Үш еншілес мекеме біріктіріледі

2021 жылы тұрғын үй құрылысы саласында бірыңғай оператор пайда болады
Фото: ашық дереккөзден

Келер жылдан бастап елімізде тұрғын үй құрылысына жауапты бірыңғай мемлекеттік оператор жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі «Бәйтерек девелопмент», «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» – үш еншілес мекемесін біріктірді. Бұл іс квазимемлекеттік секторды оңтайландыру аясында жүзеге асты. Нәтижесінде холдингтің жыл сайынғы әкімшілік шығындары 3 млрд 400 млн теңгеге қысқарады. Квазисектор компанияларын оңтайландыру жөніндегі шешім Мемлекет басшысының былтырғы Жолдауынан кейін қабылданды. Президент тұрғын үй құрылысына жауапты операторлардың атауы әртүрлі болғанымен, атқаратын қызметі бір, яғни бюджетке тиімсіз екенін айтқан болатын.

«Бәйтерек девелопмент», «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» және «Қазақстан ипотекалық компаниясының» құрамына кірді. Соңғысы бірыңғай оператор ретінде қалады. Келер жылы оған «Даму» қорының «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысын субсидиялау функциясы да беріледі. Бірыңғай оператордың атауын «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» деп өзгертуді шештік. Оңтайландыру аясында холдингтің әкімшілік шығындары 3,4 млрд теңгеге қысқарады. Штаттық бірлік те 32%-ке азайып, басшылық лауазымдар жойылады», - дейді«Бәйтерек» ҰБХ АҚ Тұрғын үй құрылысы активтерін басқару департаментінің директоры Олжас Салықов.

Серіктес жаңалықтары