Ақтөбедегі аялдамалардың жағдайы сын көтермейді

Автор: Azattyq Rýhy

Ақтөбе қаласы бойынша 773 аялдама пункті бар

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде сау аялдама қалмаған. Көше бойындағы қоғамдық көлікті күту орындары қирап жатыр. Тұрғындар коммуналдық мекемелер шаһар тазалығына енжар қарайтынын айтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті билік тек бизнес өкілдерінің қатысуымен ғана қираған аялдамаларды ретке келтіруге қауқарлы сыңайлы. 

«Жылдың басында бізде екі аукцион өткізілді. Соның ішінде 9 жер учаскесін қатысушылар алды. 8-і қазір бүгінде ашылды. Тағы біреуі қазір құрылысты бітірейін деп жатыр. Жақында ашылады. Сол остановканы бітіргенде, қолдануға енгізу актін қойып, бізге тапсырады. Біз 20 жылға арендаға береміз», - дейді жауапты орган өкілдері.

Желтоқсан айында қала билігі тағы да байқау өткізіп, 35 жер учаскесін саудаға шығаруға ниетті. Үлестірілген орындарда келер жылдың сәуіріне дейін жылы аялдамалар пайда болуы тиіс. 

Айта кету керек, Ақтөбе қаласы бойынша 773 аялдама пункті бар

Тегтер: