Оның 7-еуі Өскемен қаласы бойынша орнатылды
Облыстағы бас мемлекеттік санитар дәрігер міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаевтың соңғы қаулысы аясында шектеу шаралары Шығыс Қазақстанның барлық аумағында 25 қарашаға дейін ұзартылды.
«1 қарашадан бастап аймақта облыстың сыртқы шекараларына кіруді және шығуды бақылау үшін қойылған 15 санитарлық бекет жұмысын жалғастырып келеді. Үш бекет Алматы, біреуі Қарағанды, екеуі Павлодар облыстарымен шектесетін аумақтарда орналасқан. Сондай-ақ, екі бекет ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін «Ауыл» және «Уба» өткізу бекеттерінде және 7 бекет Өскемен қаласы бойынша орнатылған.
10 қарашадан бастап «Бақты» және «Майқапшағай» өткізу бекеттеріндегі тағы екі санитарлық бекет жұмысын бастады.
Айта кетейік, облыс ішінде автобустардың, шағын автобустардың және өзге де жолаушылар тасымалының қозғалысына тыйым салынды.
Ұлан ауданына қарасты Қасым Қайсенов, Глубокое ауданының Опытное поле, Ушановское және Белоусовка кенттері бойынша қатынайтын маршруттар тоқтатылған жоқ.