Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазгидромет» деректеріне сүйеніп, Қазақстанның 12 облысында дабылды ескерту жариялады.
- 10-11 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ, екпіні секундына 15-20 метр жел тұрады, боран соғады.
- 10-11 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге күшейеді.
- 10 қарашада Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 16 метрге күшейеді.
- 10 қарашада Атырау облысында тұман түседі.
- 10 қарашада Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге күшейеді.
- 10 қарашада Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
- 10 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
- 10 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал, желдің екпіні секнудына 15-20 метрге күшейеді.
- 10 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
- 10 қарашада Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.
- 10 қарашада Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады, желдің секундына 15-20 метрге күшейеді.
- 10 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Ведомствоның хабарлауынша, жауын-шашынның түсуіне және жердің қатқақ болуына байланысты көктайғақ болады. Министрлік жүргізушілер мен азаматтарды сақ болуға шақырды.